03
Шілде

«Ақ жол» демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалы партияның Съезіне делегаттарды сайлау жөніндегі облыстық конференция өткізді

2026 жылдың 3 ші шілдесінде «Ақ жол» демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалы партияның XXIII Съезіне делегаттарды сайлау жөніндегі облыстық конференциясын өткізді.

Конференция жұмысына «Ақ жол» демократиялық партиясынан сайланған жергілікті мәслихат депутаттары, облыстық саяси кеңес мүшелері, филиал өкілдері, сондай-ақ партияның әйелдер және жастар қанатының мүшелері қатысты.

Конференцияны «Ақ жол» ҚДП Атырау облыстық филиалының төрағасы, Атырау облыстық мәслихатының депутаты Е. Юсупов жүргізді.

Жиын Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 23 тамызға Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлығына сәйкес алдағы саяси науқанға қатысты мәселелерді талқылаудан басталды.

Филиал төрағасы Ермекқалий Төлепқалиұлы  қатысушыларды Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуімен құттықтап, «Ақ жол» демократиялық партиясының Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатыны туралы ресми мәлімдемесін таныстырды. Өз сөзінде ол партияның демократиялық қағидаттарға адалдығын, саяси реформаларды қолдайтынын және алдағы сайлауға белсенді қатысуға дайын екенін атап өтті.

Одан кейін конференция делегаттары күн тәртібіндегі негізгі мәселе – «Ақ жол» демократиялық партиясының 2026 жылғы 5 шілдеде өтетін XXIII Съезіне Атырау облысынан қатысатын делегаттарды сайлау мәселесін қарады.

Делегаттардың кандидатуралары талқыланып, ұсынылған тізім бойынша ашық дауыс беру өткізілді. Дауыс беру нәтижесінде «Ақ жол» демократиялық партиясының 2026 жылғы 5 шілдеде өтетін XXIII Съезіне Атырау облысынан қатысатын делегаттар құрамы ресми түрде бекітілді. Конференция барысында күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер толық қаралып, тиісті шешімдер қабылданып, облыстық конференцияның қаулысы қабылданды.

 

XXIII Съезге Атырау облысынан сайланған делегаттар:

1.Юсупов Ермеккалий Тулепкалиевич

2.Каршегенов Алтынбек Тулеугалиевич

3.Кулмагамбетов Вадим Равильевич

4.Асылбеков Ерлан Асылбекович

5.Шин Вера Викторовна

6.Мендыханов Алим Болатович

7.Кожыков Жасканат Рамметоллаевич

8.Шевченко Альберт Викторович

9.Акылбаев Ерназ Акылбаевич