03
Шілде

«Ақ жол» демократиялық партиясы Маңғыстау облыстық филиалы партияның съезіне делегаттарды сайлау бойынша облыстық конференциясы өткізді

Конференция жұмысына «Ақ жол» демпартиясының төраға орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII-VIII шақырылымының депутаты  Серік Ерубаев арнайы келіп қатысты.

Конференцияны «Ақ жол» ҚДП Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Батыржан Қорғанбаев төрағалық етті.

Іс-шараға «Ақ жолдың» жергілікті деңгейдегі мәслихат депутаттары Нұрлан Белшер, Бекнұр Бисенов, Наурызбек Тилепов, Амангелді Өтешов, партияның белсенді мүшелері және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Конференция барысында партияның Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғазиза Бақтиярқызы филиалдың 2024-2025 жж. және 2026 жылдың 6 айының қорытынды есебін баяндады.

Сондай-ақ, делегаттар күн тәртібіндегі «Ақ жол» партиясының  XXIII Съезіне Маңғыстау облысынан баратын делегаттарды бекіту мәселесін қарады.

Жиында күн тәртібіндегі барлық мәселелер толық қаралып, шешім шығарылды.

Сонымен бірге, конференцияда Серік Ерубаев партияның Саяси бағдарламасын, Мәжілістің VIII шақырылымында атқарған жұмыстардың нәтижесін және партия жаңалықтарымен бөлісті. 

Конференция шешімімен 2026 жылдың 5 шілде күні өтетін «Ақ жол» демпартиясының XXIII Съезіне 7 делегат сайланды.