XІІІ. Партия Жарғысы және Бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі.

55. Партияның Жарғысына және (немесе) Бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар тек Партия Съезінің шешімімен енгізіледі.

Партияның Орталық аппаратының орналасқан жері өзгерген жағдайда, Ұлттық партия кеңесі Пленумының шешімімен Жарғының 9-тармағына өзгеріс енгізуге жол беріледі.

56. Партия Жарғысына және (немесе) Бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс жасауға Партияның кез келген мүшесінің құқы бар. Ұсыныс жазбаша түрде рәсімделіп, жан-жақты дәлелденіп, жазған адамның қолы қойылып, Партияның Ұлттық кеңесінің Президиуміне жіберілуі тиіс.

Партияның Ұлттық кеңесінің Президиумі бұл ұсыныс келіп түскеннен кейін бір ай ішінде қарауға және қажеттілік болса оны талқылауды ұйымдастыруға міндетті.

57. Партия Жарғысына және (немесе) Бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсынысты қолдаған жағдайда Партияның Ұлттық кеңесінің Президиумі бұл ұсынысты Партияның Ұлттық кеңесі мен Партия Съезінің қарауына береді.

58. Партия Съезі қабылдаған Партия Жарғысына және (немесе) Бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар заңнамаларда белгіленген тәртіп бойынша тіркеуден өткізілуі тиіс.