XІІ. Партияның қаржылық-шаруашылық қызметі.

52. Қаржылық және материалдық-техникалық базасын дамыту мақсатында, заңнамалық тәртіппен белгіленген жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін Партия мыналарға құқылы:

- жарғылық мақсаттарға қол жеткізетін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;

- шаруашылық қызмет жүргізуге, шарттар жасасуға, Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмайтын шарттарға отыруға, мәмілелер жасауға;

- белгіленген тәртіпке сәйкес ғимараттарын, құрылғыларын, жабдықтарын, көліктерін, өзге де мүлкін жалға алуға, жалға беруге;

- несиелер алуға және несиелік қаржыларды пайдалануға;

- кез-келген мәмілелер жасауға, шарттарға отыруға, өзіне міндеттемелер алуға, басқа ұйымдардың сенімхаттары бойынша әрекет етуге;

- өздерінің қызметін басқа да тұлғалармен, оның ішінде заңды тұлға құруды да бірлесіп жүргізуге;

- мәдени-ағартушылық қызмет жүргізуге;

- қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сыртқы экономикалық қызметпен айналысуға;

- халықаралық ұйымдармен, бұл ұйымдардан Партия қаржылық пайда табуды көздемей, ынтымақтастықты жүзеге асыруға.

53. Партияның табыстары, сондай-ақ Партияның ұйымдардан және азаматтардан алған ақшалай, соның ішінде валюталық та қаржылары, жылжымайтын мүліктері, жабдықтары, мүліктері мен басқа да материалдық құндылықтары Партия мүшелеріне бөлініп берілмейді, сондай-ақ жеке тұлғалар мен адамдардың шектеулі тобының мүдделері үшін пайдаланылмайды. Партияның аталған табыстары мен ақшалары тек жарғылық және өзге де қайырымдылық қызметіне, Партияның немесе Партияның қатысуымен іске асырылатын бағдарламалары мен жобаларына пайдаланылады.

54. Партия мен оның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдарының, өкілдіктерінің) қаржылық жауапкершілігі және Партия мен оның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары, өкілдіктерінің) ақша мен өзге де мүліктерді басқару саласындағы есеп беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес анықталады.