44.11. «Ақ жол» партиясы нақты міндеттерді орындауға ерекше сіңірген
еңбегі мен жеке үлесі үшін партиялық наградаларды белгілей алады.
44.12. Партиялық наградаларға «Ақ
жол» партиясы дербес немесе басқа ұйымдармен бірлесіп маңызды оқиғалардың
құрметіне белгілейтін дипломдар, алғыс хаттар, естелік белгілер, кубоктар және
медалдар жатады.
44.13. Партияның жоғары наградалары болып табылады:
- «Azattyq» медалі – Қазақстан Республикасының ұлттық тәуелсіздігін нығайтуға және мемлекеттілігін дамытуға, азаматтық және кәсіпкерлік құқықтар мен бостандықтарды, оның ішінде сөз бостандығын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске, парламентаризмнің демократиялық институттарын, заманауи нарықтық экономиканы және адал бәсекелестікті дамытуға қосқан ерекше жеке үлесі үшін табысталады;
- «Qazaq Republic Alash» медалі – ұлттық зиялы қауым өкілдеріне, мәдениет және ғылым қайраткерлеріне, қоғам және мемлекет қайраткерлеріне мемлекеттілікті, ұлттық тәуелсіздікті және Республиканың аумақтық тұтастығын нығайтуға, Алаш идеяларын дәріптеу мен насихаттауға қосқан ерекше үлесі үшін табысталады;
- «Еңбегім еліме» медалі – кәсіпкерлерге, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету саласының қызметкерлеріне ұзақ жылғы жемісті еңбегі және Қазақстанның заманауи нарықтық экономикасының қалыптасуына қосқан жеке үлесі үшін табысталады;
- «Үздік депутат» төсбелгісі – Партияның Саяси кеңесі бекітетін Төсбелгі туралы ережеге сәйкес барлық деңгейдегі өкілді органдардың ерекше көзге түскен депутаттарына табысталады.
44.14. Партияның жоғары наградаларымен лауазымды тұлғалар, штаттағы қызметкерлер және Партияның басшылық органдарының мүшелері марапатталмайды.
44.15. Марапаттауға ұсыну құқығына партияның өңірлік филиалдарының басшылары және «Ақ жол» партиясының Саяси кеңесінің мүшелері ие.
44.16. Марапаттау туралы шешімді партияның Саяси кеңесі Президиумы қабылдайды.
44.17. Марапаттау, әдетте, жылына бір рет, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне орай өткізілетін ресми іс-шараларда жүзеге асырылады.
44.18. Жыл сайынғы марапаттау лимиттері:
- «Azattyq»
медалі – 7 (жеті) адам;
- «Qazaq
Republic Alash» медалі – 30 (отыз) адам;
- «Еңбегім
еліме» медалі – 50 (елу) адам;
- «Үздік
депутат» төсбелгісі – Құрылтай және мәслихат депутаттары арасынан 20 (жиырма)
адам.
44.19. Жоғары партиялық наградалардың сипаттамасы Жарғының №3 қосымшасында белгіленген.
44.20 Бір
партиялық наградамен екінші рет марапаттауға жол берілмейді.