Жаңа Конституцияға сәйкес биыл, 23 тамызда еліміздің
жоғары заң шығарушы өкілді органы – Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтеді.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауын өткізу
туралы Жарлыққа қол қойды.
Осыған байланысты «Ақ жол» Демократиялық
партиясы барлық өңірде партияның ХХІІІ съезіне делегаттар сайлау жөніндегі
конференцияларын бастады. Алғашқы конференция қазақтың қасиетті мекені –
Түркістан қаласында өтті.
2026 жылғы 2 шілдеде «Ақ жол» Демократиялық партиясы Түркістан облыстық
филиалының кезектен тыс конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияның негізгі
күн тәртібі – 2026 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында өтетін партияның ХХІІІ
съезіне Түркістан облысы атынан қатысатын делегаттарды сайлау болды.
Конференция президиумында «Ақ жол» ҚДП төрағасының
орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII және VIII
шақырылымдарының депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қазыбек Иса
және облыстық филиал төрағасының орынбасары Нұржан Есенбаев болды.
Өз сөзінде Қазыбек Иса «Ақ жол» партиясының ел дамуына
қосқан үлесін атап өтіп, партияның Мәжілістегі белсенді жұмысына, қоғамдық
бастамаларына және қазіргі саяси үдерістегі ақпараттық жұмыстың маңыздылығына
тоқталды. Сондай-ақ алдағы Құрылтай сайлауында партия мүшелерін бірлікке,
ұйымшылдыққа және белсенді жұмысқа шақырды.
Конференция барысында Түркістан қалалық мәслихатының
депутаты Ардақ Мансұров партияның өңірдегі қызметіне жоғары баға беріп, «Ақ
жолдың» көтерген мәселелері Мәжіліс деңгейінде тұрақты түрде қаралып келе
жатқанын атап өтті. Ол Мемлекет басшысы ұсынған ашықтық пен жариялылық
қағидаттары партия қызметінен айқын көрініс табатынын айтып, алдағы Құрылтай
сайлауында партияға сәттілік тіледі.
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ержан Үсентаев
өңірдегі партия жұмысының жүйелі жүргізіліп келе жатқанын айтып, Құрылтай
сайлауында партия кандидаттарын жан-жақты қолдауға дайын екенін жеткізді.
Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Эльмира
Темірбаева «Ақ жол» партиясының қолдауымен халық игілігі жолында нәтижелі еңбек
етуге барлық мүмкіндік жасалғанын айтып, алдағы съезд қорытындысында партияның
Парламенттегі өкілдігі бұрынғыдан да күшейетініне сенім білдірді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық филиал
төрағасының орынбасары Нұржан Есенбаев съезге ұсынылатын делегаттар тізімін
таныстырды. Конференция делегаттары ұсынылған құрамды бірауыздан қолдап, тиісті
қаулы қабылдады.
Партияның ХХІІІ съезіне Түркістан облысынан төмендегі
делегаттар сайланды:
Осылайша, «Ақ жол» партиясының Құрылтай сайлауына
дайындық жұмыстары қасиетті Түркістаннан бастау алып, өңірлік ұйымдар партияның
алдағы саяси науқанына жоғары ұйымшылдықпен кіріскенін көрсетті.

.jpeg)
.jpeg)
