23
Тамыз

Дания Еспаева Құрылтайдың алғашқы сайлауында дауыс берді

Бүгін Қазақстанда тарихи оқиға — елімізде алғаш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева дауыс беруге қатысып, өзінің конституциялық құқығын жүзеге асырды.

«Ақ жол» партиясы үшін бұл сайлау науқаны еліміздің барлық өңірін қамтыған ауқымды кампанияға айналды. Партия кандидаттары мен белсенділері азаматтармен, еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен, жастармен және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесіп, сайлауалды бағдарламаны таныстырып, ел дамуының өзекті мәселелерін талқылады.

«Бұл науқан партиямыз үшін азаматтармен тікелей сөйлесуге, олардың ұсыныстарын тыңдап, нақты шешімдерді айқындауға мүмкіндік берді. Жұмыс Қазақстанның барлық өңірінде жүргізіліп, бүгінде үлкен командалық еңбектің нәтижесін көріп отырмыз. Осы науқанға үлес қосқан барлық кандидаттарға, белсенділерге, еріктілер мен қолдаушыларымызға алғыс білдіремін», — деді Дания Еспаева.

«Ақ жол» партиясы барлық азаматтарға тарихи сайлау процесіне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіріп, әр азаматты өзінің конституциялық дауыс беру құқығын пайдалануға шақырады.