2026 жылғы 2 шілдеде «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Әлібек Исиннің төрағалығымен «Ақ жол» демократиялық партиясы Жезқазған қалалық филиалының конференциясы ұйымдастырылып, өз жұмысын нәтижелі қорытындылады.
Конференцияның басты мақсаты – 2026 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында
өтетін «Ақ жол» демократиялық партиясының XXIII съезіне қатысатын делегаттарды
бекіту болды.
Дауыс беру нәтижесінде партияның XXIII съезіне қатысатын делегаттардың құрамы бірауыздан бекітілді. Олар:
1.Әлібек Ерлікұлы Исин
2.Сексен Балтабайұлы Сүлейменов
3.Қаламқас Қадырбайқызы Абдуалиева
4.Ақан Бапанұлы Жайлаубаев
5.Батырхан Кәрібайұлы Оспанов
6.Руслан Аркадьиұлы Камзин
7.Гаухар Әуезханқызы Менлибаева
8.Жұлдыз Сауленбекқызы Рахымбекова
Конференция барысында «Ақ жол» демократиялық партиясынан сайланған Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты Бекзат Дайрабайұлы халық игілігі жолында атқарылған жұмыстар туралы мазмұнды есеп беріп, алдағы кезеңге арналған басым бағыттарға тоқталды.
Конференция аясында партияның мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, өңірдің қоғамдық-саяси өміріне елеулі үлес қосып жүрген партия мүшелері: Қаламқас Абдуалиева, Балжан Айбасова, Бекзат Дайрабайұлы, Руслан Камзин, Рамазан Сайлаубек, Ақан Жайлаубаев, Ринат Ахтямов, Ғизат Өмірбек, Алдияр Үкен, Жұлдыз Рахымбекова, Бектілеу Бектұрсынұлы мен «Жастар қанатының» белсенділері: Аңсар Қуаныш, Айжан Нұрбекова, Ақжол Жантлеуов, Толғанай Ошанова, Жанбота Аукеева, Аққу Әпен, Айбота Ибаділдә, Медина Жантілеу Алғыс хаттармен марапатталды.
«Ақ жол» демократиялық партиясы әділетті қоғам құру, кәсіпкерлікті
қолдау, заң үстемдігін нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы
жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра береді. Бірлік пен жауапкершілікке негізделген
бүгінгі конференция партияның ұйымдық әлеуетін тағы бір мәрте айқындап, алдағы
саяси науқанға тың серпін берді.
.jpeg)
.jpeg)
