02
Шілде

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Қызылорда облыстық филиалының партияның ХХІІІ съезіне делегаттар сайлау конференциясы өтті

Бүгін, «Ақ жол» Демократиялық партиясы Қызылорда облыстық филиалының партияның ХХІІІ съезіне делегаттар сайлау Конференциясы өтті.

Конференция жұмысына партиядан сайланған Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттары, партия ардагерлері мен белсенділері, орта және шағын кәсіп өкілдері мен жастардан тұратын 25 делегаттар қатысты.

Конференция жұмысын облыстық филиал аппаратының жетекшісі Ш.Есекеева ашып, облыстық филиалдың 2023-2026 жылдардағы атқарған жұмыстары мен қол жеткізген жетістіктері туралы баяндама жасады.  Делегаттар тарапынан филиалдың жұмысына оң баға берілді.

Сондай-ақ, «Ақ жол» Демократиялық партиясынан сайланған Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, мәслихаттағы партия фракциясының жетекшісі Қ.Боранбаев Конференция делегаттарын ҚР Парламенті Мәжілісіндегі және облыстық мәслихаттағы партия фракциясының атқарған жұмыстары мен қол жеткізген жетістіктері туралы және  фракция мүшелерінің көтерген мәселелеріне кеңінен тоқталып өтіп, делегаттар тарапынан қойылған сауалдарға нақты дәлелдермен негізделген жауаптар берді.

Жарыссөзге шыққан конференция делегаттары партия жетістіктері мен облыс аумағындағы әлеуметтік-саяси мәселелерге және партиядан сайланған облыстық,  қалалық және аудандық мәслихат депутаттарының атқарып жатқан жұмыстарына оң бағаларын беріп, облыстық филиал жұмысын әрі қарай жетілдіру жөніндегі ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Конференцияның күн тәртібіне сәйкес делегаттар тарапынан партияның ХХІІІ съезіне Қызылорда облысынан 7 делегат сайланып,  тиісті қаулылар қабылданды.