01
Сәуір

01.04.2026

«Ақ жол» демпартиясы Үкіметтен 1 сәуірге дейін ШОБ-ты қолдау шараларын толыққанды қайта жаңартуды даярлау жөніндегі Президент тапсырмасының орындалуын сұрады

ҚР Премьер-Министрі

О.А. Бектеновке


Ағымдағы жылғы 10 ақпанда Президент Қ. Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында бірнеше маңызды тапсырмалар берген еді.

«Ақ жол», ұлттық бизнес пен отандық өндірушілерді қолдайтын партия  ретінде, Президенттің бизнесті қолдау саясатын толыққанды қайта жүктеу жөнінде тапсырмасына аса назар аударғымыз келеді.

Президент тапсырмасында: 1 сәуірге дейін, Үкімет «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп әрбір кәсіпкерге тікелей смартфоннан қолжетімді бірыңғай цифрлық экожүйені құра отырып, мемлекеттік қолдау шаралары бизнестің технологиялық деңгейі мен санатына қарай сараланып, шағын бизнестің «күнкөріс режимінен» тұрақты даму деңгейіне өтуіне жағдай жасауға, ал шикізаттық емес сектордағы, орта бизнесті қолдау – дайын өнім нарығын кеңейтуге бағытталуы тиіс делінген.

Алайда, бүгінгі күні аталған тапсырманың орындалуы туралы нақты ақпарат жоқ.

Айта кету керек, Үкімет жаңа Салық кодексінің аясында бюджет кірістерінің өсіп отырғанын мәлімдеуде. Расында, ресми деректер бойынша осы жылдың алғашқы екі айында салық түсімдері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 129,4 пайызды құрады.

Дегенмен, сарапшылардың бағалауынша, осы кезеңде шағын және орта бизнес субъектілері қысқарып, жыл басынан бері шағын бизнес субъектілерінің саны 64 мыңға, жеке кәсіпкерлер саны 67 мыңға азайып үлгерген. Бұл тек салық базасының қысқаруы ғана емес, жұмыс орындарының да жоғалуына әкелетін жағымсыз үрдіс.

Бірақ та, жоғарыда айтылған, салықтық түсімдердің өсуі, уақытша инерциялық сипатқа ие болуы ықтимал, ал бизнес субъектілерінің қысқару үрдісі алдағы кезде нақты экономикалық ахуалды айқындауы мүмкін. Мұндай жағдайда, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі тапсырмасының маңыздылығы арта түседі.

Осыған орай, «Ақ жол» фракциясы:

1. Президенттің үстіміздегі жылғы 10 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген шағын және орта бизнесті қолдау жөнінде бағдарлама әзірлеу тапсырмасының орындалу барысын жариялауды;

2. Әзірленіп жатқан бағдарламада шағын және орта бизнесті қолдауға қандай тетіктер мен шешімдер қарастырылғандығын баяндауды сұрайды.

3. Өз тарапынан, «Ақ жол» отандық өндірушілер мен кәсіпкерлер париясы ретінде, сол бағдарламаға көптеген жылдар бойы жиналған өз ұсыныстарын Үкіметтің қарастыруына жіберуге дайын екендігін мәлімдейді.

 

Құрметпен,

«Ақ жол» ҚДП

фракциясының депутаттары 

С. Ерубаев  

А. Перуашев   

Д. Еспаева

Е. Барлыбаев

Қ. Иса

О. Нұралдинов