«Ақ жол» Демократиялық партиясы және оның Құрылтайдағы депутаттық фракциясы Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу барысында қаза болған әскерилердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Бүгін елімізде Каспий теңізі жағалауындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты жалпыұлттық аза тұту күні жарияланғаны белгілі.
Осыған байланысты бүгін өткен «Ақ жол» Демократиялық партиясы фракциясының кезектен тыс отырысында Құрылтай Төрағасының орынбасары, фракция жетекшісі Дания Еспаева әріптестерін қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алуға шақырып, «Ақ жол» Демпартиясының мүшелері, шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінен қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсету туралы ұсыныстар түсіп жатқанын хабарлады.
Қазіргі таңда осы мақсатта еліміздің барлық өңірлеріндегі шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінен 50 миллион теңгеден астам қаржы жиналды.
Аталған қаражат жақын арада тиісті мақсатқа бағытталады.
Көмек көрсетуге партиямыздың Құрылтайдағы депутаттары да атсалысты.
«Ақ жол» Демократиялық партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «TAS GROUP» компаниясының иесі Дулат Тастекей қаза болғандардың әрбір отбасына 1 миллион теңгеден, жалпы 14 миллион теңге көлемінде қаражат бөлді.
«Ақ жол» партиясының мүшесі, Алматы қаласы мәслихатының VII шақырылым депутаты, Микроқаржы ұйымдары қауымдастығының төрағасы Ербол Омарханов қауымдастық мүшелері қаза болған теңізшілер мен олардың отбасыларының кредиттік міндеттемелерінің бар-жоғын тексеріп, болған жағдайда оларды есептен шығаратынын хабарлады.
Атап айтқанда, қаржылай көмек көрсеткен кәсіпорындар қатарында:
— Астана қаласынан «Astana Energo Hub» ЖШС, «Mabex Trade LTD» ЖШС, «РемВК» ЖШС, «Hotel Development Company» ЖШС, «ZERO WASTE» ЖШС, «Сейф-Ломбард» ЖШС, «АСТАНА АЛТЫН-КАЗЫНА» ЖШС, «Арлан Транс» ЖШС, «Bau Engineering» ЖШС, «Акмолинский вагоноремонтный завод» АҚ, «Adal» ЖК, «ASMA Industrial ltd» ШК;
— Алматы қаласынан «Темірбетон-1» ЖШС, «Bazis Aero» ЖШС, «Нурсат Темір» ЖШС, «Нуртау Темір» ЖШС, «GEODOR» ЖШС, «Union Trans Logistic» ЖШС, «Smart Energy» ЖШС, «Shashkin Clinik» ЖШС, «Нур Сапа Бетон» ЖШС, «AQUILA LOGISTICS» ЖШС, «КОМПАНИЯ «БАКУСТ» ПЛЮС» ЖШС;
— Атырау облысынан «Caspian Servise» ЖШС, «TEXOL Trans» ЖШС, «Real Construction CO» ЖШС, «РауанНтех» ЖШС, «Solar A» kz ЖШС, «Inder Tuz timpani» ЖШС;
— Шығыс Қазақстан облысынан «Ука-Металл» ЖШС, «Защита строй сервис» ЖШС, «КММ ТАS» ЖШС, Қанапиянов ЖК;
— Жамбыл облысынан «Даниал Курылыс Дизайн» ЖШС, «Мерке» санаторийі» АҚ, «Абдрахманов Ш» ЖК, «Кошмамбетов и К» ЖШС;
— Қарағанды облысынан «Компания Автоцентр-Бахус» ЖШС, Большова Ольга Викторовна ЖК, «Электросистемы и технологии» ЖК;
— Қостанай облысынан «Полиграфия Костанай» ЖШС, «Питэл» ЖШС, «ASTYK TERRA» ЖШС, «Агрофирма «Ирина и К» ЖШС, Сұйытылған газ базасы ЖШС, Несембаева Ж. К. ЖК.
Сондай-ақ Павлодар облысынан – «Best Product Pavlodar» ЖШС, Абай облысынан – «ГОРДОРСТРОЙ» ЖШС, Солтүстік Қазақстан облысынан – «Аккумуляторы Bars» ЖК, Жетісу облысынан – «Азия Строй групп» ЖШС, Ұлытау облысынан – «Samadi A group» ЖШС, Алматы облысынан – «Алатау Цемент Групп» ЖШС, Шымкент қаласынан – «ASKAR-TAO» ЖШС және Жораева Ш.Т. ЖК, Ақмола облысынан – «KOKSHE-MARKET» ЖШС, Батыс Қазақстан облысынан – «ПСП Серик» ЖШС, Түркістан облысынан – «Бетон-Алем» ЖШС қаржылай көмек көрсетті.
Сонымен қатар, "Еуразиялық автодилерлер қауымдастығы", «Финансовая культура» қоры, "Қазақстан кәсіпкерлері мен сервистік қызметтер қауымдастығы" да көмек көрсетуге атсалысты.
Қаза болған теңізшілердің отбасыларына көмек көрсету үшін арнайы есепшот ашылуына байланысты «Ақ жол» демпартиясының төрағасы Дания Еспаева алдағы уақытта партияға көмек көрсету жөнінде жүгінетін кәсіпкерлерге қайырымдылық қаражатын тікелей аталған қорға аударуға бағыт беруді тапсырды (қордың деректемелері партияның барлық филиалдарына жолданды).
«Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі