ПАРТИЯ ТӨРАҒАСЫ

Еспаева Дания Мәдиқызы

1961 жылы туған,  Ақтөбе облысының тумасы.

Білімі:

1982 жылы Алматы бухгалтерлік есеп және несие техникумын бітірді,

1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономика мамандығы бойынша бітірді.

Жұмыс тәжірибесі:

2023 жылдан бүгінгі күнге дейін – ҚР Парламенті VIII сайланған Мәжілісінің депутаты, Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары.

2021 – 2023 жж – ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты.

2016 – 2020 жж - ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты.

2014 – 2016 жж - «Казкоммерцбанк» АҚ Ақтөбе филиалының директоры.

2006 – 2014 жж - «БТА Банкі» АҚ Ақтөбе филиалының директоры.

1998 – 2005 жж - «БТА Банкі» АҚ Корпоративтік бизнестің директорының орынбасары.

1995 – 1997 жылдар - «Әлем Банк Қазақстан» АҚ Ақтөбе облыстық департаментінің несие бөлімінің бас маманы, несие кафедрасының меңгерушісі, м.а. Кредиттеу бөлімінің бастығы.

1992 – 1995 жж - «Тұран» АҚ Ақтөбе филиалының бас бухгалтері, директорының орынбасары.

1988 – 1991 жж - Промстройбанк облыстық басқармасының ақша айналымы бөлімінің аға экономисі.

1986 – 1987 жж - КСРО Мемлекеттік банкінің Ақтөбе облыстық департаментінің несие бөлімі аға экономисті.

1982 – 1986 жж - КСРО Мемлекеттік банкінің Ақтөбе облыстық департаментінің несие бөлімі экономисі.


2008–2016 жылдары – екі шақырылымдағы облыстық мәслихаттың депутаты.

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы басқармасының мүшесі

Облыс әкімдігі жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссияның мүшесі

 

Марапаттары:

«Құрмет» ордені

«Парасат» ордені

ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2026)

«Үздік қаржыгер» атағының иегері

 

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат (2019), Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.