«Өзгерістер қажет!» атты кездесу аясында ұлт зиялылары,
журналистер, ардагерлер, ғалымдар, қоғам белсенділері және партия мүшелері бас
қосты.
Жиынға «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары, Қазақстан
Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII және VIII шақырылым депутаты,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қазыбек Жарылқасынұлы Иса қатысып,
партияның Парламентте көтеріп келе жатқан өзекті мәселелері жөнінде баяндама жасады.Өз
сөзінде Қазыбек Иса «Ақ жол» партиясының 2013 жылдан бері мұнай-газ саласындағы
өнімді бөлу келісімдерінің ашықтығын талап етіп келе жатқанын атап өтті. Оның
айтуынша, Қарашығанақ пен Қашаған кен орындары бойынша жасалған келісімдерде
Қазақстанның үлесі ұзақ уақыт бойы шамамен 2 пайыз деңгейінде қалып келген.
Партия бұл мәселені бірнеше мәрте көтеріп, келісімдердің жария әрі ашық
талқылануын талап еткенін жеткізді.Сондай-ақ, бұл мәселенің Парламентте бірнеше
рет көтерілгенін, ал 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың да
аталған келісімдерді қайта қарау қажеттігін айтқанын еске салды. Дегенмен,
бүгінгі күнге дейін бұл бағыттағы жұмыстар толық аяқталмағанын атап
өтті.Кездесу барысында мемлекеттік тіл мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қазыбек
Иса ана тілінің қоғамдағы орны мен мәртебесін арттырудың маңызын айтып, бұл
бағытта «Ақ жол» партиясының Парламентте жүйелі түрде ұсыныстар көтеріп келе
жатқанын жеткізді.Сонымен қатар мәдениет саласына қатысты өзекті мәселелер
қозғалып, ұлттық құндылықтарды сақтау, әдебиет пен өнерді қолдау бағытында
партияның бастамалары кеңінен сөз болды. Жазушылар мен суретшілерді мемлекеттік
қолдау, мәдениет қайраткерлеріне жағдай жасау мәселелері де талқыланды.Кездесу
барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, елдің әлеуметтік-экономикалық
дамуы, ұлттық құндылықтарды сақтау және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру
жөнінде ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу барысында теміржол саласы қызметкерлері 23
тамыз Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, «Ақ жол» партиясына дауыс беруге
шақырылды.
Іс-шараға «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының
төрағасы, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты,Құрылтай депутаттығына үміткер Мұхтар
Асқарұлы Шимиров, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, Құрылтай депутаттығына
үміткер Исламбек Насруллаұлы Тулебаев, Құрылтай депутаттығына үміткер Бақдәулет
Әлиақбарұлы Мәлімов, партия кеңесінің мүшелері Мұрат Махматталы мен Жамалбек
Жораев қатысты.
