23 шілде сағат 18:01-ден бастап Құрылтай депутаттарына үміткерлердің
сайлауалды үгіт-насихат кезеңі ресми түрде басталды. Алда сайлаушылармен
кездесулер, көпшілік алдында сөз сөйлеулер, теледебаттар және сайлауалды
бағдарламалардың таныстырылымдары өтетін бір айлық кезең тұр. 23 тамызда ел
тұрғындарының алдында жаңа конституциялық модель бойынша сайланатын алғашқы
Құрылтайдың құрамын анықтау тұр.
«Ақ жол» демократиялық партиясының Қызылорда облыстық штабының өкілдері Алматыда өткен науқанның салтанатты
ашылу рәсімінен соң бірден Қызылорда қаласындағы үгіт-насихат баспа
материалдарына арналған арнайы тақтайшаларға партияның үгіт-насихат
парақшаларын орналастыруға шықты. Кез-келген азамат «Ақ жол» партиясының
үгіт-баспа материалдарынан сайлауалды бағдарламасына қатысты ақпараттармен таныса алады.

