20
Ақпан

Өсу жолындағы консолидация: Qarmet АҚ-ның кәсіпкерлермен «Ақ жол» партиясы мен Ұлттық индустриялық палата қолдауымен өткен кездесуі

Теміртауда Qarmet АҚ-ның «Ақ жол» демократиялық партиясының кәсіпкерлерімен және Ұлттық индустриялық палата өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Партияның серіктесі – Ұлттық индустриялық палатаның шақыруымен кездесуге еліміздің әртүрлі өңірлерінен кәсіпкерлер мен индустриялық қауымдастық өкілдері келді.

Іс-шарада Qarmet АҚ өкілдері, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, партия төрағасының орынбасары және Палата төрағасы Болат Утепбаев спикер ретінде сөз сөйледі. Кездесу ашық әрі конструктивті диалог форматында өтті. Кездесудің негізгі назарында мына мәселелер болды:

- өндірісті жергіліктендіру және қазақстандық қамту үлесін арттыру;

-  сатып алу рәсімдерінің ашықтығы;

шағын және орта бизнес субъектілерін комбинатқа жеткізілімдерге тарту;

- шағын және орта бизнестің металлургиялық өнімдерді қайта өңдеуге қатысуы;

- ірі бизнес пен өңір кәсіпкерлері арасында тұрақты әріптестік байланыстарды қалыптастыру.

Бизнес өкілдері өнеркәсіптік кәсіпорындармен өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған нақты бастамаларды ұсынды. Кездесуге қатысушылар мемлекет, бизнес және қоғамдық институттардың күш-жігерін біріктіру – елдің тұрақты экономикалық өсімі мен өнеркәсіптік әлеуетін дамытудағы негізгі шарт екенін атап өтті. Мұндай алаңдар тиімді кері байланыс механизмін қалыптастырып, өзекті мәселелерді жедел шешуге ықпал етеді және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа берік негіз қалайды.