27
Сәуір

Серікбосынов Нұргелді - «AQIQAT CUP XIV» турнирінің негізгі алаң жеңімпазы атанды!

27 сәуір 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Ұстаз, ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, «AQIQAT» зияткерлік пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 26-27 сәуір күндері студенттер арасында Ректор кубогіне арналған «AQIQAT CUP XIV» республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирге арнайы шақыртумен және "Ақ жол" Демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының қолдауымен "Ақ жол" партиясы Абай облыстық филиалының жастар кеңесінің мүшесі Серікбосынов Нұргелді қатысып,

негізгі алаңның жеңімпазы атанды!

Бұл жеңіс — жастардың білімге, сөз өнеріне деген құштарлығының және туған жер рухына деген адалдығының айқын дәлелі.

Құттықтаймыз және алдағы уақытта да жаңа жетістіктер тілейміз!