2026 жылдың 5 қаңтарында Қазақстан
Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы
фракциясының мүшесі С.Ерубаев жұмыс сапарын Атырау гарнизонына қарасты 51051
әскери бөлімінен бастады.
Депутат сапар барысында «Батыс» өңірлік
әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Артықов Бауыржан Шұбайұлымен бірге
бөлімнің инфрақұрылымын, оқу-жаттығу базасын, модульдік казарма мен асхананың
жағдайын аралап көрді. Әскери қызметшілердің тұрмысы мен тамақтану сапасына ерекше
назар аударылды.
Нысандарды аралап болғаннан кейін Мәжіліс
депутаты сарбаздар және әскери қызметкерлермен кездесті. Кездесуде олар
оқу-жаттығу базасын жаңарту, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсарту және кадр
даярлау жүйесін дамыту жөнінде ұсыныс-пікірлерін айтты.
Өз кезегінде Мәжіліс депутаты көтерілген
мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, оларды тиісті мемлекеттік органдармен
бірлесіп қарастыру қажеттігін жеткізді. Әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдау
және олардың еңбек жағдайын жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының
бірі екені атап өтілді және әскери қызметшілерге табыс тілеп, олардың қызметіне
алғыс білдірді.
Жұмыс сапары әскери қызмет саласындағы
өзекті мәселелерді жүйелі түрде зерделеуге, сондай-ақ оларды шешу бойынша
заңнамалық және практикалық ұсыныстар әзірлеуге негіз болмақ.








