Павлодар облыстық «Ақ жол» демократиялық партиясының штабында ЕҚЫҰ-ның тұрақты байқаушылары мен партияның Павлодар облыстық филиалының төрағасы Рүстем Сағадатұлы Смағұловтың кездесуі өтті.
Кездесу барысында сайлау науқанының өту барысы, партияның қызметі және сайлау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Мұндай кездесулер сайлау үдерісіне қатысушылар арасында ашық диалог орнатуға және пікір алмасуға ықпал етеді.