Бүгін «Ақ жол» ҚДП Қостанай облыстық филиал депутаттары мен партияның белсенді мүшелері онлайн конференция және оффлайн форматта дөңгелек үстел өткізді.
Жиын тақырыбы «Қазақстандағы саяси жаңғыру: кәсіби және тиімді Парламент қалыптастыру».

Жиналыста «Ақ жол» ҚДП Қостанай облыстық филиалының төрағасы Жутаев Махаббат Сагынбаевич сөз сөйледі.
Кездесу барысында конституциялық реформа мәселелері, саяси жаңғырудың негізгі бағыттары және Парламенттің мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлі талқыланды. Жаңа Конституция жобасы, онда көзделген оң өзгерістер, депутаттық корпус жауапкершілігін арттыру және өкілдік биліктің тиімділігін күшейтуге бағытталған бастамаларға ерекше назар аударылды.
Қатысушылар пікір алмасып, реформалардың маңыздылығын атап өтті және азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуы ел дамуы үшін шешуші мәнге ие екенін жеткізді.