23
Шілде

Қостанай облыстық «Ақ жол» ДПК филиалы сайлауалды штабтың жұмысын бастады

23 шілдеде Қазақстан Демократиялық партиясы «Ақ жолдың» Қостанай облыстық филиалы ҚР Құрылтай депутаттарының сайлауы аясында үгіт-насихат науқанына ресми түрде қадам басты.

Агитацияның алғашқы күні филиал өкілдері, кандидаттар мен партиялық штабтың волонтерлері өңір тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Арнайы белгіленген стендтерге үгіт-насихат материалдары орналастырылып, баспа өнімдерін тарату ұйымдастырылды.

Науқан аясында облыстың еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен және жұртшылықпен кездесулер өткізу жоспарланған. Сайлауалды штабтың басты мақсаты — «Ақ жол» бағдарламасының негізгі бағыттарын егжей-тегжейлі таныстыру, сайлаушылармен тікелей диалог орнату және өңірді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау.