Бүгін ҚР Орталық
сайлау комиссиясы кезектен тыс Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу үшін «Ақ
жол» демократиялық партиясының кандидаттары тізімін тіркеді.
Партия тізіміне
еліміздің бірқатар өңірінен шыққан және түрлі қызмет саласында жүрген 63
кандидат енді. Олардың қатарында кәсіпкерлер, партияның аймақтық филиалдарының
өкілдері, мәслихат депутаттары және «Ақ жол» демократиялық партиясының
белсенділері бар.
Тізім құрамында
16% әйел, жас буынның 20% өкілі мен мүмкіндігі шектеулі 10% кандидат бар.
Сонымен қатар, 25 кандидат түрлі деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары ретінде,
халықпен жұмыс істеуде және өңірлердегі өзекті мәселелерді шешуде мол
тәжірибеге ие.
«Ақ жол»
демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева кандидаттарды тіркелуімен
құттықтап, алдағы сайлау науқанында сәттілік тіледі.
«Кандидаттарды
тіркеу – сайлау кампаниясының алғашқы қадамы әрі үлкен жауапкершілік. Біз
сайлауға нақты саяси бағдарламамен, кәсіби кандидаттардан құралған мықты
командамен қатыса отырып, ашық әрі әділ сайлау науқанын өткізуге ниеттіміз», –
деді Дания Еспаева.
Партия төрағасы,
сондай-ақ, кандидаттарды тіркеуді кәсіби әрі жедел ұйымдастырғаны үшін Орталық
сайлау комиссиясына алғысын білдірді.


