07
Қантар

Мәжіліс депутаты Қазыбек Исаның Алматыдағы жұмыс сапары

2026 жылы 6 қаңтар күні ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» демпартиясының төраға орынбасары Қазыбек Иса Алматы қаласында бірнеше мекемелерді жұмыс сапар барысында аралады.

Алғашқы кездесуді Алматы қаласының әкім орынбасары Абзал Нукеновпен өткізді. Кездесу барысында Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса саяси күн тәртібін талқылап, Алматы қаласының ірі көшелердің бірі және онтүстік астанасында 146 мектепке белгілі қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожанов атын беру туралы халықтын сұрауын жеткізді.

 

Келесі кездесу ҚР Жазушылар одағында болды. Ұлттық рухани шанырағында Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік кеңесшісі хатшылығының консультанты, ақын Қалқаман Саринмен, Жазушылар  одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкеновпен және Одақтың мүшелерімен жыл басында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбатын талқылады. Дөнгелек үстелдің қатысушылары ортаға өз ойлары мен көзқарастарын салды. Мәселен,

Кәдірбек Сегізбаев, Смағұл Елубай, Қансейіт Әбдезұлы, Әлия Бөпежанова, Жүсіпбек Қорғасбек, Бауыржан Жақып, Ғалым Қалибекұлы, Мұратқали Дүйсенбаев, Фархат Тамендаров және басқа да әдебиет өкілдері әдебиет пен мәдениетке қатысты айтылған ұсыныстарды тиісті орындарға жеткізуге ықпал ететінін айтты. 

Мәжіліс депутаты, ақын Қазыбек Иса Мемлекет басшысының бағдарламалық сұхбатында жаңа Салық кодексіне, 6% өскен жалпы ішкі өніміне, бір палаталы Парламентке көшу туралы реформаларына және «Ақ жол» демпартиясының Мәжілісте атқарған жұмысына аса назар аударды.

 

Іс-сапар Алматыдағы Ықылас атындағы Ұлттық аспаптар мұражайында аяқталды. Мұражай жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі Бауыржан Өзбекәліұлы Мәжіліс депутатына домбыра, қобыз және басқа ұлттардың көрмесімен таныстырды.

Сонымен қатар Бауыржан Жәнібеков депутатқа мұражай саласындағы сауалдарын жеткізді.

Кездесулерде айтылған барлық ұсыныстар мен сауалдарды Мәжіліс депутаты келесі парламенттік отырыстарда көтеретінің айтты.