25 тамыз 2025 жыл, Қызылорда облыстық
филиалы
"Ақ жол" партиясының Қызылорда облысы,
Қармақшы аудандық мәслихатындағы депутаты, партияның Қармақшы ауданындағы өкілдігінің
жетекшісі Дәулет Аббазұлы Қанатбай өзі сайланған Қармақшы аудандық #2 сайлау
округіндегі #250 Тайымбет Көмекбаев атындағы орта мектебіне барып, отбасылық
жағдайы аз қамтылған жанұялардың балаларына "Мектепке жол" акциясы
аясында жаңа оқу жылына арнап оқу құралдарымен жабдықталған сөмкелер тарту
етті. Сыйлық алған балалар мәз-мейрам болып, мектеп директоры Гүлзира Еркебаева
мен ата-аналар Ақжолдық депутат Дәулет Қанатбайға алғыстарын білдірді.



