10
Тамыз

«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Жамбыл филиалының қызметкерлерімен кездесті

Бүгін «Ақ жол» Демократиялық партиясының Жамбыл облыстық сайлау штабының мүшелері, Құрылтай депутаттығына кандидат Дәурен Ахметжаев, партия филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова, «Ақ жол» арулары» қанатының өңірдегі жетекшісі Мөлдір Қырықбаева, партия белсендісі Болат Қожабеков Тараз қаласындағы «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Жамбыл филиалының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында Сейсекүл Дүйсебайқызы, Дәурен Хайруллаұлы партия бағдарламасының басым бағыттарына тоқталып, «Ақ жол» Демократиялық партиясының кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, салық саясатын жетілдіру бағытындағы атқарған жұмыстарының нәтижесін атап өтті.

Партия белсендісі Болат Қожабеков, штаб мүшесі Мөлдір Қырықбаева сала қызметкерлерін 23 тамыз күні Құрылтай сайлауында белсенділік танытуға «Ақ жол» партиясын қолдауға шақырды.

Бұл – өңір тұрғындарына түрлі салаларда сертификация және бақылау сынақтарын жүргізу бойынша кең ауқымды қызметтер ұсынып отырған ұлттық орталық. Барлық сынақтың жоғары сапасы мен дәлдігін қамтамасыз етіп, өнімдердің қатаң стандарттар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне кепілдік беретін орталық қызметкерлері «Ақ жол» партиясын қолдауға дайын екендіктерін жеткізді.