29
Шілде

Көксу ауданында «Ақ жол» партиясының сайлауалды кездесуі өтті

Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері Көксу ауданындағы Мансап орталығы мен Ветеринариялық станциясының еңбек ұжымдарымен кездесті.

 

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидат, «Ақ жол» ҚДП Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ермек Егінбаев партияның саяси бағдарламасын таныстырып, елдің орнықты дамуы үшін жүзеге асырылып жатқан реформаларды қолдау, ұлттық мүддені қорғау, кәсіпкерлікті дамыту, сыбайлас жемқорлықпен күресу, жаңа жұмыс орындарын құру және азаматтардың әл-ауқатын арттыру партияның басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

 

Сонымен қатар, Ермек Егінбаев  сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарына тоқталып, еңбек ұжымымен ашық пікір алмасып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.