28
Шілде

Ел мүддесі жолында: «Ақ жол» партиясы Панфилов ауданының тұрғындарымен кездесті

Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Ақ жол» партиясының өкілдері Панфилов ауданына арнайы барып, Жаркент қаласы мен Жаркент-Арасан ауылының тұрғындарымен салиқалы жүздесу өткізді.

Жиынға Құрылтай депутаттығына кандидат, «Ақ жол» ҚДП Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ермек Егінбаев, Алматы облыстық филиалының төрағасы Мейраш Шынасилова және партия белсенділері қатысып, елдің көкейіндегі түйткілді мәселелерді ортаға салды.

Ермек Егінбаев өз сөзінде «Ақ жол» партиясының бай тарихына тоқталып, партияның әрқашан халықтың үні мен әділдіктің туы болып келе жатқанын атап өтті. Сонымен бірге ол шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту — ел экономикасын тіктеудің ең басты кілті екенін алға тартты. Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, салықтық жеңілдіктер беру арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру — партияның негізгі басымдығы.

Сондай-ақ, кездесу барысында тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасы жазылған ақпараттық материалдар таратылып, еркін пікір алмасу өтті.