Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева Құрылтай депутаттығына кандидаттармен бірге логистика саласының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.
Құрмет пен қонақжайлықтың белгісі ретінде Дания Еспаеваға гүл шоқтары табысталып, жұмыс сапарлары барысында қалыптасқан игі дәстүр жалғасын тапты.
Кездесу барысында партияның кәсіпкерлікті дамытуға, салық саясатын жетілдіруге, әкімшілік кедергілерді азайтуға, отандық өндірушілерді қолдауға және бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасауға бағытталған сайлауалды бағдарламасының негізгі ұстанымдары таныстырылды.
Кездесуге қатысушылар үгіт-насихат тобының мүшелерімен көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, қаржыландырудың қолжетімділігі, кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарын жетілдіру, сондай-ақ Қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қажетті шаралар жөнінде пікір алмасты.
Қатысушылардың сұрақтарына жауап берген Дания Еспаева «Ақ жол» демократиялық партиясы кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің араласуын қысқартуды, өндіріс секторына түсетін салық жүктемесін төмендетуді, шағын және орта бизнесті қолдау тетіктерін кеңейтуді, сондай-ақ отандық кәсіпорындар үшін тең бәсекелестік жағдай қалыптастыруды жүйелі түрде қолдайтынын атап өтті.
Кездесу барысында кәсіпкерлер логистика саласының жұмысын жетілдіру, іскерлік ортаны дамыту және бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыруға қатысты бірқатар ұсыныстарын да ортаға салды.
Кездесу соңында тараптар
көлік-логистикалық секторды дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасып, ел
экономикасының дамуына бағытталған шешімдерді әзірлеу барысында кәсіпкерлер
қауымдастығы мен саяси институттар арасындағы тұрақты диалогтың маңыздылығын
ерекше атап өтті.


