6 қаңтар 2025 жылы жұмыс сапары аясында Ақтөбе облысына келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дания Еспаева «Alash Engineering Technology» ЖШС-нің өндірістік қызметімен танысты.
2021 жылғы 16
сәуірде тіркелген «Alash Engineering Technology» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі резеңке-техникалық бұйымдар (РТБ) өндіруге маманданған. Кәсіпорын
стандартты өнімдермен қатар, тапсырыс бойынша дайындалатын стандартты емес
резеңке-техникалық бұйымдарды да шығарады.
.jpeg)
Өндіріс
орнында сальниктер, манжеттер, втулкалар, тығыздағыш сақиналар, техникалық
резеңке пластиналар, қалыпталған және қалыпталмаған резеңке бұйымдарының кең
ассортименті өндіріледі. Кәсіпорында резеңкені қалыптау мен вулканизациялаудың
заманауи технологиялары қолданылып, өнімнің жоғары сапасы, тозуға төзімділігі
және агрессивті ортаға беріктігі қамтамасыз етіледі.
.jpeg)
Сапар барысында Дания Еспаева өндірістік үдерістермен, технологиялық желілердің жұмысымен және дайын өнім түрлерімен танысты. Сонымен қатар, кәсіпорын басшылығы компания өнімдерінің машина жасау, мұнай-газ және басқа да өнеркәсіп салаларында кеңінен қолданылатынын атап өтті.

Парламент
Мәжілісі Төрағасының орынбасары отандық өндірісті дамыту, өңдеу өнеркәсібін
қолдау және жаңа жұмыс орындарын құрудың маңыздылығын атап өтіп, кәсіпорын
жұмысына оң бағасын берді.