22
Шілде

Бауыржан Сандыбаев облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен өткен кездесуге төрағалық етті

22 шілде 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынын Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, партиядан сайланған облыстық мәслихат депутаты, облыстық мәслихат төрағасының уақытша міндетін атқарушы Бауыржан Сандыбаев ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен өткен кездесуге төрағалық етті.

Кездесу барысында еліміздің заң шығару қызметіндегі маңызды мәселелер, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы және халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

Төрағалық етуші Б.Сандыбаев "Ақ жол" партиясы депутаттарының атынан  ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген (17.09.2024ж N754) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының аясында кәсіпкерлік субъектілерінің  бищнес-идеяларын іске асыруға  5 млн.теңгеге дейін мемлекеттік гранттар беру құралы жылсайын жүзеге асырылуына орай мемлекет тарапынан  қаржыландырылатын жобалардың барлығы мониторингпен толық қамтылып, жергілікті атқарушы органның кәсіпкерлік саласындағы құрылымдық бөлімшесімен жүзеге асырылуын қарастыру керектігін ұсынды.

 «Ақ жол» партиясының облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Қайрат Боранбаев кәсіпкерлерге қатысты біршама мәселелерді көтерді. Ол – банк саласындағы кәсіпкерлерге берілетін несие пайызының жоғарылығы мен кепілге қойылған мүлікті төмен  бағамен бағалап, несиені үлкен пайызбен беруі,  АӨК тарапынан кәсіпкерлерге жағдай жасалмауы, жұмыс беруші кәсіпкерлердің жұмысшыларының еңбек ақы қорына байланысты төлейтін салықтық төлемдерінің жоғарылығы туралы мәселе көтерді.

Сондай-ақ, “Ақ жол” партиясының қалалық мәслихатының депутаты Ақманат Төлегенова өзі сайланған Тасбөгет кентіндегі кәріз су жүйесінің қаланың Титов қыстағына көшіру, Тасбөгет кентіндегі ескі емхананы  жаңартуға байланысты  жер телімін беріп, оның құрылысына бюджет тарапынан қаражат бөлу мәселесіне сенат депутаттарының баса назар аударып, мәселенің оң шешілуіне ықпал жасауын сұрады.