18
Шілде

Ақжолдықтар Қызылорда облысындағы «Сыр Ана» монументінің жай-күйімен танысты

18 шілде 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиал

«Ақ жол» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлері қала тұрғыны А.Кенжебековадан келіп түскен арыз бойынша «Сыр Ана» монументінің жай-күйімен танысты.

Арызда көтерілгендей «Сыр Ана» монументіндегі төселген бетон төсеніштерінің көтеріліп кеткендігі, демалуға келушілерге арналған әжетхананың болмауы және демалушыларға күннен қорғанысының (навес) жоқ екендігі  анықталды.

Аталған мәселелер облыстық филиал тарапынан тиісті органдар алдында көтерілетін болады.