1 тамыз 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясы Қызылорда облыстық филиалының 2025 жылдың тамыз айына
арналған жұмыс жоспарына сәйкес партияның Қызылорда облыстық филиалының
төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Бауыржан Сандыбаев пен партиядан
сайланған облыстық мәслихат депутаты Нұрымжан Сопбеков құрылыс нысандарына
жауапты тұлғалармен бірге Қызылорда қаласында
мемлекет қаражатына салынып жатқан бірнеше нысандарды аралап, олардың
жұмыс барысымен танысты.
·
Алдымен қаладағы
Тұңғыш президент паркінің реконструкциялау жұмысымен танысты.
·
Одан соң С.Бейбарыс
көшесі бойында салынып жатқан «Достық үйі» ғимаратының құрылысын
бақылады.
·
Сырдарияның сол
жағалауында құрылысы жүріп жатқан 11000 орынға арналған жаңа стадионның
құрылыс жұмысымен танысты.
· Қызылорда қаласындағы
құрылысының басталуына «Ақ жол» партиясының депутаттары мұрындық болған,
ауысымына 100 адам қабылдайтын емханасы бар 300 төсектік көпбейінді аурухананың
құрылысымен танысты.













