Бүгін Білім күніне орай Малтабар ауылында
кезінде өзі негізін қалаған, 1937-38 жылдары «Алаш» ұлттық идеясын
насихаттағаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған атамыз Перуаш Кәрімұлы атындағы
мектепте болып қайттым.
Биыл білім шаңырағын 11-сыныптың 10 түлегі жақсы көрсеткіштермен тәмамдаған
екен: олардың бірнешеуі «Алтын белгіге» үміткер. Ұл-қыздар тек оқуда ғана емес,
облыстық және республикалық деңгейдегі спорттық жарыстарда, дебат
турнирлерінде, шығармашылық байқауларда да жоғары нәтижелер көрсетті.
Оқушылар мен ата-аналарын, ардақты ұстаздарын оқу жылының сәтті аяқталуымен
құттықтап, түлектерге гүл шоқтары мен сыйлық конверттерін табыстадым. Үздік
түлектерге өз таңдауы бойынша университетте білім алуға грант бөлінетінін
растап, мектептің озат оқушылары мен педагогтеріне марапаттар тапсырдым.
Мектеп директоры Нұргүл Қасеновамен мектептің қазіргі жай-күйін (жөндеу
жұмыстары, сыныптарды техника және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және т.б.)
талқылап, кейбір мәселелерді назарға алдым.
Көңіл тербейтін соңғы қоңырау мен ауыл әжелерінің шашуынан кейін, түрлі
сынып оқушыларымен, олардың ата-аналарымен әңгіме өрбіттік.








