23
шілдеде «Ақ
жол» Демократиялық партиясының Астана қалалық филиалы ҚР Құрылтай
депутаттарының сайлауына орай қалалық сайлауалды штабын ресми түрде ашты.
Штаб ашылысымен-ақ партия
депутаттары, қалалық кеңес мүшелері мен волонтерлар бірден үгіт-насихат
науқанына білек сыбана кірісті. Елорданың арнайы белгіленген ақпараттық
аймақтарына алғашқы агитациялық материалдар орналастырылды.
Бұл қадам елордалық
филиалдың белсенді сайлауалды кезеңге өткенін білдіреді. Алдағы күндері партия
өкілдері қаладағы еңбек ұжымдарымен, бизнес қауымдастығымен және тұрғындармен
ауқымды кездесулер сериясын өткізеді. Мақсат — ұрандату емес, халықпен ашық
диалог құрып, бағдарламаның негізгі бағыттарын әрбір елордалыққа жеткізу.
Өзгерістер
— «Ақ жолмен» бірге!

