60 жылдай көмір жаққан қариялар үйінің тұрғындары “Ақ
жол” партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Исаға игі тілектерін білдірді.«Ақ
жол» Қазақстан демократиялық партиясының Шымкент қалалық сайлауалды штабы
сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Шымкент қаласындағы қарттар үйіне
барып, мекеме тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуге “Ақ жол” партиясы төрағасының орынбасары,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII және VIII шақырылым депутаты,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қазыбек Жарылқасынұлы Иса қатысты.
Сонымен қатар іс-шараға «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық
филиалының төрағасы, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, Құрылтай
депутаттығына кандидат Мұхтар Асқарұлы Шимиров, Шымкент қалалық мәслихатының
депутаты, Құрылтай депутаттығына кандидат Исламбек Насруллаұлы Тулебаев,
Құрылтай депутаттығына кандидат Бақдәулет Әліақбарұлы Мәлімов, партия кеңесінің
мүшелері Мұрат Махматталы және Жамалбек Жораев қатысты.
Сондай-ақ партия бағдарламасының негізгі басымдықтары
ретінде еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту, ұлттық мүддені қорғау,
әділ қоғам қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықпен күресу, шағын және орта бизнесті
дамыту арқылы орта тапты күшейту және қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті азайту
мәселелері кеңінен түсіндірілді.Кездесу барысында Қазыбек Иса қарттар үйіне
қатысты бұрын атқарылған нақты жұмыстардың бірін еске алды.«Біз бұл қарттар
үйіне 2022 жылы келген едік. Сол кезде ғимарат көмірмен жылытылатын. 1965
жылдан бері көмір жағып келе жатқан Қарттар үйі кейінгі 18 жыл бойы газға қосу туралы
өтініш айтып келген екен. Осы мәселе бойынша депутаттық сауал жолдап,
нәтижесінде бүгінгі таңда мекеме толықтай табиғи газбен жылытылады. Бұл –
халықтың өтінішіне құлақ асып, нақты нәтиже шығарудың жарқын мысалы», – деді
Қазыбек Жарылқасынұлы.Қазыбек Жарылқасынұлының бұл жақсылығына Әлеуметтік
қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Құралай Құдайбергенова
Тұрарқызы бастаған қариялар да алғыс айтты. Табиғи газдың тартылуы мен
асхананың жаңғыртылуына қолдау көрсеткені үшін Қазыбек Исаға және «Ақ жол»
партиясына шынайы алғысын білдірді.Өз кезегінде қарттар үйінің тұрғыны
Мамбетқұл Құрманбаев ата: «Сізге рақмет, Қазеке! Қарттар үйіне газ кіргізіп
бергеніңізді ешқашан ұмытпаймыз! Одан кейін қариялар мен мүгеддектерге қала
транспортына тегін жүру мәселесін де қала әкімі Ғабит Сыздықбековке жеткізіп,
бұл сәселе де оң шешілді, рахмет. Жақында ғана осы қариялар үйін облыс өңіріне
көшірмекші болғанда, тағы да “Ақ жол” араласып, өзіңіз алып қалдыңыз!– деп
шынайы ризашылығын жеткізді.Кездесу барысында ардагер Мыңжасар Дәрменов «Ақ
жол» партиясына Ақ жол тілеп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Ал тоқсандағы
ақсақал Омар Төреханұлы да “Ақ жолға” Ақ батасын беріп, ел бірлігі мен халық
игілігі жолындағы еңбектеріне береке тіледі.Қазыбек Исаға осы мекемеде тұрақ
тапқан әр түрлі диаспора өкілдері де алғысын айтып, “Ақ жолды” қолдайтынын
жеткізіп жатты.
Кездесу барысында қарттар үйінің тыныс-тіршілігімен
танысып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Партия өкілдері «Ақ жол»
партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы кезеңге арналған басым
бағыттары мен жүзеге асырылатын бастамалар жөнінде кеңінен ақпарат берді.
Қазыбек Жарылқасынұлы Иса өз сөзінде «Ақ жол» партиясының
ширек ғасырдан астам уақыт ішінде ел игілігі үшін көптеген маңызды заңнамалық
бастамалар көтергенін атап өтті. Атап айтқанда, Қазақстан азаматтығын алу
кезінде мемлекеттік тілден емтихан тапсыру талабын енгізуге бастамашы болғанын,
жеке банкроттық туралы заңның қабылдануына үлес қосқанын және әлеуметтік осал
санаттағы азаматтардың несие жүктемесін жеңілдетуге бағытталған заңнамалық
өзгерістерді қолдағанын жеткізді.
