03
Шілде

Ақмола облысында өңірлік конференция өтті

Көкшетау қаласында «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының кезекті конференциясы өтті. Партияның алдағы Съезі қарсаңында ұйымдастырылған жиынға аймақтық филиал төрағасы Саят Төлегенұлы Сыздықов жетекшілік етті.

Алқалы жиынға облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары, облыстық кеңес мүшелері, жастар қанатының өкілдері мен партия белсенділері қатысты.

Конференцияның күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды:

 - «Ақ жол» ҚДП-ның кезекті съезіне Ақмола облысы атынан қатысатын делегаттарды сайлау;

 -  Құрылтай депутаттығына партиялық кандидаттар тізімін қалыптастыру.

Дауыс беру нәтижесінде республикалық съезге баратын өкілдер анықталып, Ақмола облыстық филиалының төрағасы Саят Төлегенұлы Сыздықов «Ақ жол» Демократиялық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде біріккен тізімге ұсынылды.

Жиын қорытындысында қатысушылар алдағы съезд партияның өңірлердегі жұмысын күшейтіп, халық мүддесін қорғауға бағытталған бастамаларға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.