4 тамыз 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
Бүгінгі қабылдауға Арай мөлтек ауданы «Механизатор-1» бау-бақша
серіктестігінің тұрғыгы С.В. Климкович келді. Ол депутат А. Төлегенованың
2025 жылдың 19 мамыры күнгі қоғамдық қабылдауына аяқ судың дұрыс жеткізілмеуіне
байланысты мәселемен жүгінген болатын. Сол мезетте депутат А.Төлегенова
мәселенің мән-жайын нақтылау мақсатында ааталған мөлтек аудан аумағына барып,
жағдайды көзбен көріп, оны өз бақылауына алған болатын. Бүгінгі қабылдауда
арызданушы С.В. Климковичті қабылдап, әрі қарай онымен бірге мәселе
туындаған орынға барып, жасалған жұмыстарды көрсетіп, трубаның таразтылғанын
және аяқ судың жақсы ағып тұрғанына көзін жеткізіп қайтты.
Өз кезегінде С.В.Климкович депутат А. Төлегенованың айтқан сөзінде тұрып,
аяқ су мәселесін шешіп бергені үшін қуанып, "Ақ жол" партиясы
депутатының сөзбен емес, іспен дәлелдейтін азаматша екеніне дән ризашылығын
білдіріп, алғысын айтты.
