Семей қаласында «Ақ жол» Демократиялық
партиясы Абай облыстық филиалының конференциясы өтті. Жиынға бастауыш
ұйымдардан сайланған 31 делегат қатысты. Басқосудың негізгі мақсаты — партияның
алдағы кезекті ХХІІІ съезіне аймақ атынан қатысатын өкілдерді сайлау болды.
Конференцияны облыстық филиал төрағасы
Айдос Серікқалиұлы ашты. Ол өз сөзінде партияның Орталық аппаратының шешіміне
сәйкес, 2026 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында өтетін ХХІІІ съезге Абай облысы
үшін тоғыз делегаттық квота бөлінгенін жеткізді.
Жиын барысында филиал төрағасының
орынбасары Мұрат Тілегенұлы Иманжапар съезге ұсынылатын кандидаттар тізімін
таныстырды. Үміткерлерді талқылаудан кейін ашық дауыс беру өтіп, ұсынылған
барлық кандидаттар бір ауыздан сайланды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша «Ақ жол»
демократиялық партиясының ХХІІІ съезіне Абай облысынан сайланған делегаттар:
1.
Айдос Серікқалиұлы
2.
Айдос Ақтанбердіұлы Қисаменов
3.
Бинұр Ахатқызы Тұрысбекова
4.
Айжан Асылбекқызы Иманғалиева
5.
Светлана Васильевна Лазарева
6.
Анатолий Дмитриевич Калинкин
7.
Мұрат Тілегенұлы Иманжапар
8.
Ермек Төлегенұлы Әбілмәжинов
9.
Асқар Амантаевич Мұқатаев
Облыстық филиал төрағасы Айдос
Серікқалиұлы алдағы съездің ұйымның болашақ бағыттарын айқындаудағы
маңыздылығын атап өтіп, сайланған өкілдердің аймақ мүддесін лайықты
қорғайтынына және күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді талқылауға белсенді
қатысатынына сенім білдірді.
Жиын қорытындысы бойынша Абай облысы
делегациясының құрамын бекіту туралы тиісті қаулы қабылданды. Атқарылған жұмыс
демпартияның алдағы дамуы мен басым бағыттары айқындалатын республикалық съезге
дайындықтың маңызды кезеңі болды.