09
Тамыз

“Ақ жол”: Жетібай кентінде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Қарақия ауданына қарасты Жетібай кенті тұрғындарына «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды саяси бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды.

Ақпараттық топ өкілдері әсіресе, халықты алаңдататын маңызды мәселелердің бірі – тұрғын үймен қамтамасыз ету және ипотекалық несиеге қолжетімділік мәселелеріне ерекше тоқталды.

- “Халықпен ашық диалог – сайлауалды жұмыстың маңызды бағыты. Партияның сайлауалды бағдарламасында тұрғындардың баспаналы болуына жағдай жасау, ипотекалық несие мәселесін жеңілдету және азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру бағытындағы ұсыныстары бар екенін түсіндірдік.”, - дейді штаб мүшесі Ғазиза Бақтиярқызы

Сондай-ақ үгіт-насихат жұмыстары аясында Жетібай тұрғындарын 23 тамыз Құрылтай сайлауына барып, “Ақ жол” демпартиясына дауыс беруге шақырды.