30
Шілде

«Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық штабы «Хисмет» орталығының ұжымымен кездесті

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық штаб өкілдері «Хисмет» түзету-дамыту орталығының ұжымымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында қатысушыларға «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылды.

Кездесуде бағдарламаның ең ауқымды бөлігі экономиканы дамытуға арналғаны атап өтілді. Оның ішінде шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау, кәсіпкерлерге қатысты мемлекеттік бақылауды азайту маңызды екені айтылды. Әсіресе, алғаш анықталған заң бұзушылық үшін бірден айыппұл салмай, кәсіпкерге қателікті түзетуге мүмкіндік беру қажеттігі ерекше сөз болды.

Шара соңында жиналғандарға партияның саяси бағдарламасы жазылған кітапшалар таратылып, қатысушылар биылғы 23 тамыз күні өтетін Құрылтай сайлауында «Ақ жол» демократиялық партиясына дауыс беруге шақырылды.