28
Шілде

«Ақ жол» партиясының Ұлытау облыстық штабы Жастар ресурстық орталығымен кездесті

28.07.2026 күні «Ақ жол» Демократиялық партиясының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы, Құрылтайға үміткер Әлібек Исин, облыстық штаб мүшелері Гаухар Менлибаева, Бектілеу Бектұрсынұлы, Қаламқас Абдуалиева, Аққу Әпен, Данагүл Олжабаева

Жезқазған қаласының жастар ресурстық орталығының ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді.

Кездесу ашық әрі еркін форматта өтті. Жастарды толғандырған жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, білім, баспана және өңірдің даму мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз пікірлерін ашық айтып, нақты сұрақтар қойып, мазмұнды жауаптар алды.

«Ақ жол» – сенімге сүйенген таңдау, нақты іске бастайтын күш. Болашаққа бірге нық қадам жасайық!