27.07.2026 күні
«Ақ жол» Демократиялық партиясының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы,
Құрылтайға үміткер Әлібек Исин, облыстық штаб мүшелері Гаухар Менлибаева, Бектілеу Бектұрсынұлы, Балжан Айбасова, Аққу Әпен,
Айбота Ибаділдә, Данагүл Олжабаева
Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінің ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді.
Кездесу
барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, қатысушылар өздерін
толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Әр ұсыныс пен сауал назарға
алынып, нақты жауаптар берілді.
«Ақ жол» –
сөзден іске көшетін, халықтың сенімін нақты іспен ақтайтын таңдау. Болашақты
бірге қалыптастырайық!
