27.07.2026 күні «Ақ жол»
Демократиялық партиясының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы, Құрылтайға
үміткер Әлібек Исин, облыстық штаб мүшелері Гаухар Менлибаева, Бектілеу
Бектұрсынұлы, Балжан Айбасова, Аққу Әпен, Айбота Ибаділдә, Данагүл Олжабаева
“Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы” ММ
қызметкерлерімен
сайлауалды
үгіт-насихат кездесуін өткізді.
Кездесу
барысында Әлібек Исин сайлауалды бағдарламаның басым бағыттары таныстырып
“Өзгерістер қажет. Өзгерістерді таңдаңыздар, “Ақ жол”-ға дауыс беріңіздер” -
деді. Кездесу соңында қатысушылар көкейіндегі сауалдарын ашық қойып, өз
пікірлерімен бөлісті. Әрбір сұраққа нақты жауап беріліп, еркін әрі мазмұнды
пікір алмасу өтті.
«Ақ жол» – әр
азаматтың үніне құлақ асып, елдің ертеңін бірге құруға шақыратын таңдау.
Өзгеріс ашық диалогтан басталады, ал мықты Қазақстан – саналы таңдаудан бастау
алады!