23.07. 2026 жыл «Ақ
жол» демократиялық партиясы Ұлытау облыстық филиалы сайлауалды үгіт-насихат
материалдарын өңір тұрғындары арасында кеңінен тарату жұмыстарын бастады.
Бүгінде партияның
сайлауалды бағдарламасы мен негізгі бастамалары қамтылған ақпараттық
материалдар облыстың қала және аудан тұрғындарына жеткізіліп, жергілікті
атқарушы органдар белгілеген арнайы орындарда орналастырылуда. Бұл жұмыстардың
басты мақсаты – азаматтарды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып,
оның негізгі басымдықтары мен бастамалары туралы кеңінен ақпараттандыру.
Ұлытау облыстық
филиалы алдағы уақытта да ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде
жалғастырып, өңірдің елді мекендерін қамтуды жоспарлап отыр.
