29
Шілде

«Ақ жол» партиясының өкілдері Тобыл қаласындағы №1 емхана ұжымымен кездесті

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының өкілі Надежда Сулейманова, сондай-ақ Құрылтай депутаттығына кандидаттар Махаббат Жутаев пен Александра Сергазинова Тобыл қаласындағы №1 емханаға барып, ұжыммен кездесті.

Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары талқыланып, «Ақ жол» партиясының идеологиясы таныстырылды.

Жиын барысында партия өкілдері «Ақ жолдың» қалыптасу тарихына тоқталып, партияның көптеген жылдар бойы азаматтардың мүддесін қорғау, әділдік қағидаттарын сақтау және халықтың үнін жеткізу бағытында жұмыс атқарып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту ел экономикасын нығайтудың және халыққа жаңа мүмкіндіктер қалыптастырудың маңызды факторларының бірі екені айтылды.

Кездесу қатысушылары өздерін қызықтырған Партия өкілдері еңбек ұжымдарымен ашық диалог азаматтардың пікірін ескеруге мүмкіндік беретінін атап өтіп, тұрғындарды алдағы сайлауда белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.