Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына
кандидат, «Ақ жол» ҚДП Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ермек Егінбаев
партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырып, шағын
және орта бизнесті қолдау, әлеуметтік әділеттілікті нығайту және халықтың
әл-ауқатын арттыру бағытындағы бастамаларға тоқталды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар өздерін толғандырған
өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Атап айтқанда,
зейнетақы жинақтарын пайдалану кезіндегі шекті деңгейге қатысты мәселелер мен
жол инфрақұрылымындағы кемшіліктер, жол белгілерінің уақытылы орнатылмауына
байланысты туындайтын айыппұлдар сөз болды.
Жиын соңында көтерілген барлық сұрақтарға түсіндірме беріліп, тұрғындардың
ұсыныс-тілектері назарға алынды. Сонымен қатар, қатысушылар «Ақ жол»
партиясының сайлауалды бағдарламасында көтерілген бастамалардың өзектілігін
атап өтіп, ұсынылған бағыттарға қолдау білдірді.
