18
Тамыз

«Ақ жол» партиясының Астанадағы сайлауалды штабы «Астана-Теплотранзит» кәсіпорнының 140-тан астам қызметкерімен кездесті

Кездесуде партия өкілдері халықтың әлеуметтік әлеуетін арттыруға бағытталған нақты бастамаларын ортаға салды. Атап айтқанда, ең төменгі жалақы, зейнетақы мен жәрдемақыны ресми АЕК-ке байламай, нақты тұтыну себеті мен шынайы күнкөріс деңгейіне қарай есептеуді ұсынды. Сондай-ақ МӘМС жүйесінде әр азаматқа дербес шот ашып, емдеу ақысын тек салымшының рұқсатымен төлеу тетігі сөз болды.

Бұдан бөлек, жас отбасыларды баспанамен қамту үшін ипотека мөлшерлемесін бала санына қарай субсидиялау, ал төрт баласы бар отбасылардың несиесін толық жабу бастамасы таныстырылды.

Штаб мүшелері елордалықтарды 23 тамызда өтетін сайлауда белсенді болып, өз таңдауын жасауға шақырды.

«Өзгерістер "Ақ жолдан" басталады!»