24.07.2026 күні
«Ақ жол» Демократиялық партиясының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы, Құрылтайға
үміткер Әлібек Исин, облыстық штаб мүшелері Гаухар Менлибаева, Бектілеу Бектұрсынұлы және Аққу Әпен Сәтбаев
қаласында Ұлытау облыстық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерімен сайлауалды
үгіт-насихат кездесуін өткізді.
Кездесу
барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып,
кәсіпкерлерді толғандырған өзекті мәселелер ашық талқыланды. Қатысушылар өз
ұсыныстары мен сұрақтарын қойып, мазмұнды пікір алмасты.
«Ақ жол»
партиясы – кәсіпкерлікті қолдайтын, әділ бәсекені қорғайтын және елдің
экономикалық дамуына нақты бастамалар ұсынатын партия. Біз әрбір азаматтың үнін
естіп, әр ұсынысты нақты іске айналдыруға дайынбыз!