27
Шілде

“Ақ жол”: Маңғыстау облыстық сайлауалды штабы өкілдері «МұнайФилдСервис» ұжымымен кездесті

 

27 шілде 2026 жыл, «Ақ жол» демпартиясы Маңғыстау облыстық сайлауалды штабы

 

Бүгін Жаңаөзен қаласында Маңғыстау облыстық сайлауалды штабы өкілдері «МұнайФилдСервис» ұжымымен кездесті.

Кездесуге штаб басшысы әрі Құрылтай депутаттығына кандидат Батыржан Қорғанбаев, штаб өкілдері Бердібек Есенжанов, Жалғас Агисов, Санбибі Кулкараева, Бақытжан Жұмағалиев қатысты.

Жиын барысында Батыржан Қорғанбаев «Ақ жол» демпартиясының Құрылтай сайлауына арналған саяси бағдарламасымен таныстырды.

- «Бағдарламаның ең ауқымды бөлімі экономикаға арналған. Кәсіпкерлікті дамыту бойынша мынадай ұсыныстар бар:

  • шағын және орта бизнесті қолдау;
  • кәсіпкерлерге мемлекеттік бақылауды азайту;
  • алғаш анықталған заң бұзушылық үшін бірден айыппұл салмай, оны түзетуге мүмкіндік беру;
  • міндетті есептілікті қысқарту;
  • экономикалық құқық бұзушылықтардың бір бөлігін қылмыстық емес, әкімшілік жауапкершілікке ауыстыру;
  • бизнесті негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтату;
  • инвестиция тарту және кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау.

«Ақ жол» демократиялық партиясының 2026 жылғы саяси бағдарламасы саяси реформаларды жалғастыруды, сыбайлас жемқорлықпен күресті, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуді, кәсіпкерлік пен өндірісті дамытуды көздейді. Бағдарламадағы негізгі мақсат – халықтың әл-ауқатын арттырып, бәсекеге қабілетті, демократиялық және экономикалық тұрғыдан қуатты Қазақстанды қалыптастыру.» - деді Құрылтай депутаттығына кандидат Батыржан Қорғанбаев.

Сондай-ақ, «МұнайФилдСервис» ұжымына партияның ақпараттық үгіт-насихат материалдары таратылды.

Кездесу соңында 23 тамыз Құрылтай сайлауында белсенді қатысып, “Ақ жол” партиясына дауыс беруге шақырды.