Бүгін Құрылтайдың жалпы отырысында жоғары заң шығарушы орган төрағасы Айбек Дәдебайдың үш орынбасары сайланды.
Құрылтай төрағасының орынбасарлары Нұрлан Бекназаров, Динара Закиевамен қатар, бұл лауазымға білікті экономист, банк секторында көп жылдар бойы басшылық қызмет атқарған, Парламенттің соңғы шақырылымдарында Мәжіліс төрағасының орынбасары болған "Ақ жол" Демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева сайланды.
Жаңа қызметімен Дания
Мәдиқызын шын жүректен құттықтап, Құрылтай төрағасының орынбасары ретіндегі
жауапты жұмысында толағай табыс тілейміз!