Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Шымкент электрқуатымен жабдықтау дистанциясы (ЭЧ-24) ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесуге «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII және VIII шақырылым депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қазыбек Жарылқасынұлы Иса қатысты.
Жиын барысында Қазыбек Жарылқасынұлы теміржол саласы қызметкерлерінің ел экономикасындағы ерекше орнына тоқталып, теміржолды мемлекет экономикасының күре тамыры әрі экономиканың локомотиві екенін атап өтті. Ол сала мамандарының ерен еңбегіне алғыс білдіріп, олардың елдің тұрақты дамуына қосып отырған үлесін жоғары бағалады. Кездесу барысында теміржол саласы қызметкерлері 23 тамыз Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, «Ақ жол» партиясына дауыс беруге шақырылды.
